Ұсынылып отырған мақалада түсті металдардың гидрометаллургиясы саласына, атап айтқанда, құрамында түсті металдар бар сульфат ерітінділерін темірден тазарту үрдісі зерттелген. Аталған әдіс қышқылды әктаспен немесе әкпен бейтараптандыру арқылы жүргізіліп, содан кейін гидролитикалық тұндыру үрдісі жүзеге асырылады. Мырыш сульфаты ерітіндісіндегі темірдің үш валентті иондарын Ca(OH)_2 ерітіндісімен тұнбаға түсіру үрдісі потенциометрлік талдау әдісімен зерттеліп, темір иондарының концентрациясы мен сутектік көрсеткіші (pH) мәні арасындағы тәуелділік анықталған. Темір иондарын потенциметрялық әдіспен титрант ретінде әк суын қолдану арқылы мырыш сульфаты ерітіндісін темір иондарынан тазартуда қанша мөлшерде әк ерітіндісі керек екендігін дәл есептеуге болады. Сонымен қатар, темір гидратының пайда болуының pH мәні Fe3+ иондарының бастапқы концентрациясына байланысты екендігін көрсетті. Бастапқы электролитта темір иондары қаншалықты көп болса, гидроксид түсілуінің pH мәні соншалықты төмен болатыны эксперименттік жолмен анықталынды. Ерітіндіде Fe3+ иондарының концентрациясы төмен болған сайын гидрооксид түзілуінің pH мәні соншалықты жоғары болатындығы айқындалды. Сонымен қатар, катализатор ретінде қолданылған Cu2+ иондарының ерітіндіде болуы гидрооксид түзілуінің pH мәніне айтарлықтай әсер етпейтіндігі де анықталынды. Кілтті сөздер: потенциометрия, титратор, мырыш сульфаты ерітіндісі, темірдің үш валентті ионы, гидролитикалық тұндыру.